Мейрамхана, кафе және кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайдың ішінде жұмыс күндері 7.00 ден 20.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынады, тек қана алып шығу және жеткізуге рұқсат беріледі;
Жазғы алаңдар, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00 ден 22.00 дейін жұмыс істеуіне рұқсат;
Сән орталықтары мен салондары, шаштараз, косметология қызметін көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетуіне рұқсат;
Сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтары сенбі, жексенбі күні жұмыс істемейді;
ХҚКО сағат 9.00 ден 18.00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеумен, қонақ үйлер, санаторий-курорт ұйымдары, демалыс үйлері/туристтік базалар және т. б. толтырылуы 80%-дан аспайтын кезде рұқсат;
Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері 9.00 ден 18.00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен жұмыс істейді;
Сонымен қатар:
– Сауда үйлері, сауда желілері вакцинация пунктінің бар-жоғына қарамастан жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндері тыйым салынады);
– Үй-жайдағы ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар (той, мерей-той, ас беруді өткізу) тыйым салынады;
– Түнгі және ойын клубтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.
– Ashyq жобасына қатыспайтын нысанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
– Ashyq жобасына қатыспайтын мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне рұқсат жоқ:
Қаулы 28 маусымда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.