Спорт • 27 Маусым, 2021

Әли Әлиевтің жарысында балуандарымызға жүлде бұйырмады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы Әли Әлиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әли Әлиевтің жарысында балуандарымызға жүлде бұйырмады

51 рет ұйымдастырылып отырған айтулы жарыста Қазақстанның балуандары да бақ сынады. Өкінішке қарай, олардың ешқайсының жолы болмады. Біз 74 кило салмақ дәрежесінде белдескен қос саңлағымыз – Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсановқа айрықша сенім артқан едік.

Нұрқожа тұсаукесер кездесуінде жергілікті спортшы, әлем және Еуропаның екі дүркін чемпионы Магомед Құрбанәлиевтен ұтылып қалды. Данияр алғашқы айналымдардан өткенімен, қола медаль үшін тартыста дәл сол Құрбанәлиевке есе жіберді. Сол секілді басқа да балуандарымыз жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.