Қазақстан • 28 Маусым, 2021

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

1914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді.

2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Мерекеден тыс елімізде тілшілер арасында жыл сайын дәрежелі байқаулар жарияланып, төртінші билік ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.