Экономика • 28 Маусым, 2021

Тағы үш банк «Баспана хит» бағдарламасына өтініш қабылдауды тоқтатты

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Баспана хит» ипотекалық бағдарламасымен жұмыс істеуші үш серіктес банк өтініш қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы үш банк «Баспана хит» бағдарламасына өтініш қабылдауды тоқтатты

Бұған дейін Халық банк пен Еуразиялық банк лимитті толық игергенін айтып, өтініш қабылдауды тоқтатса, енді ЦентрКредит, Altyn Bank пен Сбербанк тоқтатты.

Аталмыш бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен 600 млрд теңге бағытталған. Үш жылға жоспарланған бағдарлама мерзімінен ерте аяқталмақ. Өйткені қарастырылған қаржының барлығы игерілді. Лимит бітті.

Сбербанк өтінішті қабылдауды 5 маусым күні, Altyn Bank 15 маусым, ЦентрКредит 23 маусым күні тоқтатқанын мәлімдеді.

«Баспана хитпен» өтініш қабылдап жатқан әзірше Bank RBK ғана.

Айта кетейік, мамыр айында «7-20-25» пен «Баспана Хит» бағдарламасының жабылатыны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша «Баспана хит» осы жылдың соңына дейін, ал «7-20-25» бағдарламасы келесі жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін екен айтылған. Бірақ «Баспана хит» әлдеқайда ерте аяқталғанға ұқсайды.

Jusan Bank, Forte мен АТФ банктер өтініш қабылдауды тоқтатты ма әлде жоқ па – әзірше белгісіз.