
«Қазақстанда өсірілген көкөніс пен жеміс-жидек ішкі нарықты толық қамтуға жетпейді. Жаңа маусым қарсаңында тауар азайып, баға көтеріледі. Осы аралықты импортпен толтыру қажет. Артылып жатса біздің диқандарымыз өнімін Ресейге қымбат бағамен сата алады. Яғни біз Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен қажетті тауарды арзанға импорттасақ, отандық диқандар өз тауарын шетелге қымбатырақ сата алады. Басты мақсат ішкі нарықта азық-түлік тапшылығының алдын алу», дейді министр.