Оқиға • 28 Маусым, 2021

Қостанай облысында жол апатынан 3 жасөспірім қаза тапты

1295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жол апатынан 3 жасөспірім қаза тапты

«26 маусым күні «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолында Renault Sandero көлігін жүргізіп келе жатқан 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озу кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault Sandero-да отырған 14 жастағы екі бала мен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты», деп хабарлады полициядан.

Аталған көліктің жүргзушісі мен 40 жастағы жолаушы дене жарақаттарын алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар