Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарды айналамыздағы адамдардың амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Қазір маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.
«Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3 889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 742-ден 1 237-ге дейін 1,7 есеге өсті. Соңғы тәулікте, 28 маусымдағы мәліметке сәйкес КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді», деді Ж.Бекшин
Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиялық жағдай контагиозды мутацияланған «Дельта» штамының таралуына байланысты ушыға бастаған.
Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артты, бұл Сovid-19 «Дельта» штамының тез тарайтынын көрсетті.
«Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде, КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі «Альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «Үнді» штамдары анықталды. Сонымен қатар екі «гамма», оңтүстік африкалық пен бір Нью-Йорк, «Бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиялық жағдайдың күрделенуі «Альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «Дельта» штамы салдарынан болып отыр», деді Ж.Бекшин.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты. Жалпы дертті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.
«Дельта» штамы Алматыдағы эпидемиялық ахуалды күрт өзгеріске ұшыратып, індет қайта өрши бастады. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада 4 мыңдай адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Алматы • Кеше
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі
Қоғам • Кеше
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Парламент • Кеше
Астанада 2,6 мыңнан астам адам қар күреп жатыр
Елорда • Кеше
Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Төтенше жағдай • Кеше