Қазақстан • 29 Маусым, 2021

Білім министрі мектептердегі қауіпсіздік үшін қанша қаржы керек екенін айтты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі барлық мектептер бейнебақылау камералармен 100% қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім министрі мектептердегі қауіпсіздік үшін қанша қаржы керек екенін айтты

«Білім мен ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлесіп жүргізген мониторингы осы камералардың 55% ғана талаптарға сай екенің көрсетті. Бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 млрд теңге қаражат қарастырылды. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында бейнебақылау жүйелері мәселесі шешімін тапса, Түркістан, Атырау, Жамбыл облыстарында қаражат жеткіліксіз деңгейде қарастырылған. Жергілікті әкімдіктерге тиісті қаражат бөлулерін сұраймыз», деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, білім беру ұйымдарында дабыл түймелерін орнату жұмыстары жүзеге асуда. Бүгінде олардың саны – 648. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл мәселе толық шешілген.

«Проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат толық қарастырылмаған»,  дейді А. Аймағамбетов.