Қоғам • 29 Маусым, 2021

Сауда министрі көкөніс бағасының қашан арзандайтынын айтты

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде көкөніс арзандауға тиіс. Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов Орталық Азия елдеріне барып, осы бағытта бірқатар келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда министрі көкөніс бағасының қашан арзандайтынын айтты

Нәтижесінде құны 3 млн долларға форвардтық 6 келісімшарт жасалды. Яғни, алдын ала алғашқы партияларды сатып алып көрмек.

«Тиімділігі болса, үлкен келісімдер жасалуы мүмкін», дейді министр.

Бастысы, арада ешбір алыпсатарлар болмайды. Сондықтан баға мен тауар тапшылығы мәселесі шешілуі керек.

«Бізде картоптың бағасы өскенде мына жақта ерте піскен картоп бізге жете алмайды. Ол технологиясымен де жете алмай жатыр. Өйткені біздің солтүстікке жеткенше ол шіріп кетеді. Бірақ ондай технологиялар бар. Мәселе бағаны түсіруде емес, бағаны дұрыс қалыптастыруда. Ол – нарық. Сондықтан арада делдалдар болмауы үшін 3-4 есе бағаны көтеріп отырған. Осылар болмаса, баға өспей бір деңгейде, басқа елдерге қарағанда максимум 10-20%-ға өседі», дейді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.