Аймақтар • 29 Маусым, 2021

Бұл диплом бұрынғыдан өзгерек...

7637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университет түлектеріне өзіндік үлгісі бар алғашқы дипломдар табысталды. Ерекше дипломдарды алғашқылардың бірі болып «Техникалық физика» мен «математикалық және компьютерлік модельдеу» факультетінің түлектері алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл диплом бұрынғыдан өзгерек...

Факультеттің 21 түлегі жоғары білім туралы диплом алса, олардың төртеуі үздік құжатқа ие болды. Онлайн форматтағы іс-шараға түлектердің ата-аналары да қатысты. Олар профессорлық-оқытушылық құрамға сапалы білім бергендері  үшін алғыс білдіре отырып, бітірушілерге денсаулық және шығармашылық табыс тіледі. Осы ретте оқу орын басшылығы да өз лебіздерін білдірді.

Құрметті түлектер, сіздерге өзіндік үлгідегі дипломдарды тапсыра отырып, университет жақсы мамандарды даярлағанына кепілдік беретінін айтқым келеді. Бұл құжатпен сіздер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті боласыздар, – дедіректор Жасұлан Шаймарданов.

Дипломның ерекшелігі – сәйкестендіру нөмірі бар. Яғни, белгілі бір студентке бекітіліп, ұлттық білім беру деректер базасында сақталады. Ол дегеніміз, кез-келген уақытта дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.