Бір тәулікте Алматы қаласының 46 тұрғынынан коронавирустың «дельта» штамы анықталды. Ал елордада коронавирус жұқтырған әрбір екінші науқастан қауіпті дерттің жаңа түрі табылған.

Мутацияланған вирус елімізге бірнеше апта бұрын «жеткен». Дәрігерлер мен вирусологтар ел арасында «үнді» штамы деп аталып кеткен вирустың бұрынғы түрлеріне қарағанда қауіпті әрі тез тарайтынын хабарлады. Көршілес елдердің статистикасына назар салсақ, вирус жұқтыру дерегі өскенін байқаймыз. Коронавирустың «дельта» штамы жаңа пандемияға себеп деген болжамдар да айтылып жатыр.
Бұл жалғыз Қазақстанда байқалған үрдіс емес. Германия Денсаулық сақтау министрлігі де коронавирус жұқтырғандардың тең жартысынан жаңа штамның анықталғанын мәлімдеді. Оған қоса соңғы аптада көрсеткіш екі есе өскен. Маусым айының 15-20 күндерінде науқастардың 36 пайызынан «дельта» вирус анықталса, қазір әрбір екінші науқастан табылып отыр.
Ресей де дабыл қағу керектігін айтты. ДДҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович жедел шара қолданбаса, локдаун жариялау қажеттігі туындайды деді. Өйткені 28 маусымда «дельта» штамын жұқтырған 124 науқас қайтыс болды. Осылайша, маусым айында өлім көрсеткіші тағы бір рет жоғарғы шегіне жетіп отыр.
Жақында ғана халқының жартысынан көбі екпе сал-
дырғанын хабарлап, вирус жұқтыру дерегі айтарлықтай төмендеді деп қуанған Израиль мемлекеті де «үнді» штамын анықтағандар қатарында. Үрейленетін тағы бір жайт, вирус анықталғандардың қатарында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар да бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жақында өткен шағын аралдардағы дамушы елдердің денсаулық сақтау мәселесіне арналған саммитінде «Әлем елдері COVID-19 пандемиясы кезінде жіберген қателігін, одан алған тағылымын жаңа пандемияға дайындықта ескеруі керек» деген ұсыныс айтты.
Жиында халықаралық ұйым басшысы климаттың өзгеруі, кей елдерге азық-түліктің жетпеу сияқты денсаулыққа қауіп төндіретін мәселелермен қатар, COVID-19 пандемиясы экономикаға да кесел келтірді дейді. Дегенмен бұл аралдағы дамушы елдер денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылар екенін және халық денсаулығын қорғауды басты мақсат санайтынын көрсетті.
Тедрос Гебрейесус аралдардағы елдердің бұл індетпен күресте жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын да айтты. «Мен бұл эпидемия аралдағы елдер үшін қиынға соққанын түсінемін. Өйткені туризм тұралап қалды. Ал бұл ел экономикасына тікелей әсер ететінін айтпаса да анық. Бұл тығырықтан шығу жолы – вакцина», деді ол.
Сонымен қатар ДДҰ басшысы COVAX бағдарламасы аясында аралдардағы 31 дамушы елге 2 миллионға жуық вакцина дозасы жіберілгенін мәлімдеді. «Әлбетте, бұл халықты жаппай вакциналау үшін жеткіліксіз. Оған қоса елдер арасында тең бөлінген жоқ. Вакцинаның 71 пайызы тек 10 елге үлестірілді. Кірісі төмен елдер әлі де вакцина тапшылығын сезінуде. Сондықтан тәуекел тобындағы халыққа екпе егу мүмкін болмай тұр», деді ол.
Халықаралық ұйым басшысы қыркүйекке дейін аралдар халқына әлі 250 млн доза вакцина керек екенін ортаға салды. Оның бұл үрдісті жылдамдату қажет дегенін түсінуге болады. Өйткені әлем елдері «дельта» штамын анықтағанын бірінен соң бірі хабарлауда.
ДДҰ статистикасына назар салсақ, пандемия басталғалы шамамен 180 млн адам коронавирус жұқтырды. Вирус 3,6 млн-ға жуық кісінің өмірін жалмады.
Үндістан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 28 зертхана консорциумы жаңа штамның белгілерін жариялады. Коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдан да ауыр болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені вирустың бұл түрі өкпені бірден зақымдайды екен. Үндістан Махараштра, Керала, Мадхья-Прдаеш деп аталатын үш штатта дельта вирустың анықталғанын хабарлап отыр.
Негізі, жаңа штамм былтыр қазан айында табылған. Содан бері әлемнің бірқатар еліне таралып үлгеріпті.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин кейінгі күндері коронавиурс жұқтырғандардың 89,3 пайызынан «үндістандық» штамм анықталғанын хабарлады. Қала басшысы сонымен қатар жаңа вирус тез таралатынын, бұған дейінгі штамдарға қарағанда агрессивті екенін айтты. Дәрігерлер коронавирус инфекциясын қайта жұқтырғандар мен вакцина салдырғандардың қайтадан ауруын осы «дельта» штаммен байланыстырып отыр.
ДДҰ мамыр айында пандемияның жаңа толқынына «үндістандық» B.1.617.2 штамы себепші болғанын мәлімдеді. Оған қоса көптеген елде індеттің бұл түрін жұқтырған науқастардың көбейіп келе жатқанын, алдағы уақытта көрсеткіш «Ухань» штамынан да асып түсетінін болжады. Халықаралық ұйым мәлімдемесін жасап болғанша, «дельта» вирус тағы да мутацияланып, «дельта плюс» деген жаңа нұсқасы пайда болды.
Жаңа штамдардың ошағына айналған Үндістан науқастар саны бойынша да алда. Вирусологтер мен дәрігерлер ғайыптан шешім табылмаса, жағдай өзгере қоймасын айтады. Әзірге жалғыз үміт – екпеде. Алайда Үндістанда жаппай вакцина-
лау жарияланған күннің өзінде де халықты толық егуге 1,5 жылдай уақыт қажет.
Жаңа штамдар әлі де зерттеуді қажет етеді. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі 7 маусымда «дельта плюске» қатысты талдау нәтижесін жариялады. Онда жаңа мутацияның 63 геном нұсқасы анықталғаны жазылған.
Вирустың географиясына тоқталсақ, «дельта плюс» Англияда табылған. Одан кейін Непал, Түркия, Малайзия, Сингапур, Ресей, Қазақстан, АҚШ пен Еуропаның бірқатар елі жаңа нұсқа анықталғанын хабарлаған.
Үндістандық ғалымдар вакциналардың жаңа түрге қалай әсер ететінін анықтау қажеттігін айтты. Өйткені ақуыздың өзгеруі вирустың мутациялануына алып келеді. Сондықтан кей вирусологтер вакцина жасаушыларға қазір қолданып жатқан ақуыздың орнына «үндістандықты» қолдануды ұсынады.
Егер вирус жұқтыру көрсеткіші өсе берсе, онда бұл түр де ресми бекітіледі. Сондықтан вирус жұқтыру көрсеткішін бақылауда ұстау керек, сонымен бірге нақты қай штамм жұққанын анықтау қажеттілігі туады. Ал ДДҰ бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасауға асығар емес.
ДДҰ басшысы жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жаһандық қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес деп ойлайтынын жеткізді. Бұл оймен келіспеске болмас. Өйткені сарапшылар «үнді» штамы жедел таралатынын айғақтап отыр. Адам денсаулығына зақымы да «Ухань» штамынан ауыр көрінеді. Сондықтан алдағы пандемия бұдан да үлкен әбігерге салуы мүмкін. «Бұл пандемиядан біраз сабақ түйдік. Індетпен күресу жолын іздеп жатырмыз. Енді келешекте жаңа індет тараса, осы тәжірибемізді қолдануымыз керек. Қазіргі әр күніміз – сабақ. Сондықтан нәтиже шығару маңызды», деді Тедрос Гебрейесус.
Франция билігі миграциялық заңдарды қайта қарайды
Әлем • Бүгін, 15:22
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Ұқсас жаңалықтар