Қазақстан халқы Нұр-Сұлтан қалалық Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Бірлік. Гүлдену» тақырыбындағы XIX сессиясы өтті. Сессия елордадағы Достық үйінде бейнебайланыс режімінде ұйымдастырылып, бас шаһарда бұған дейін атқарылған жұмыстар сараланды және алдағы уақытта атқарылатын міндеттер белгіленді.

– Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында елімізде орасан жұмыстар іске асырылып, әлеуметтік-экономикалық дамуымыз еселенді. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Нұр-Сұлтан қалалық Ассамблеясының үлесі елеулі екенін зор ілтипатпен айтамыз. Жалпы айтқанда, еліміздегі тұрақтылықтың орнығуына, ынтымақ, бірлік пен берекенің нығаюына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Осы озық даму жолының сабақтастығын сәтті жалғастырып келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да орасан үлесін лайықты атап өткен жөн, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, қалалық Ассамблеяның төрағасы Алтай Көлгінов.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жиынға қатысушыларға игі лебізін жеткізіп, ортақ мақсатты көздеген істер туралы баяндады.
– Біз Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен әрдайым ерекше ықыласпен жүздесіп келеміз. Сіздер өңірлерге үлгі болатындай қоғамдық келісім мен бірлікті күшейту мақсатында қызмет етіп келесіздер. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан халқы өңірлік ассамблеялары үшін үлгілік модель ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы бекітіліп, іске асырылуда. Бүгінгі басқосу астанамыздағы қызметіміздің бұдан әрі дамуының мейлінше өзекті мәселелеріне арналады, – деді Марат Әзілханов.
Сессия жұмысының барысында Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз қызметтеріне қатысты атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар Қазақстан халқы Нұр-Сұлтан қалалық Ассамблеясы XIX сессиясының Үндеуі жарияланды.
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстаулық түлектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Кеше
Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды
Президент • Кеше
Сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылады
Парламент • Кеше
Бішкекте ҚазҰУ-дың филиалы ашылды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Әлем • Кеше
Алматы қаласы Спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Президент • Кеше
Қазақстан Ыстықкөлде күн электр станциясын салуға қаржы бөледі
Қазақстан • Кеше
Мұхтар Тілеуберді Италияға іс-сапармен барады
Қазақстан • Кеше
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар