Футбол • 30 Маусым, 2021

EURO-2020: Англия Германияны жеңіп, ширек финалға шықты

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі соңғы матчтар өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020: Англия Германияны жеңіп, ширек финалға шықты

Кезекті 1/8 финал бәсекесінде Англия мен Германия құрамалары кездесіп, алғашқысы ширек финал жолдамасына иелік етті.

Биылғы біріншіліктің финалы өтетін әйгілі «Уэмбли» (Лондон) стадионындағы ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның есебін 75-минутта Англия және «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Рахим Стерлинг ашса, 86-минутта «Тоттенхэм» ойыншысы Харри Кейн баспен тамаша гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Кездесудің бірінші таймында Германия футболшыларының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Бірақ 2014 жылғы әлем чемпиондары бірде-бір шабуылын голға айналдыра алмады. Нәтижесінде, Германия Еуропа чемпионатын 1/8 финалда аяқтауға мәжбүр болды. Сондай-ақ бұл Йоахим Левтің бас бапкер ретіндегі соңғы ойыны болды. Енді Германия құрамасының тізгінін «Баварияның» экс-бас бапкері Ханс-Дитер Флик ұстайды.

Ал Англия құрамасы Еуро доданың жартылай финалына шығу үшін сәлден кейін басталатын Швеция және Украина кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.