Өнер • 30 Маусым, 2021

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Астана Опера» театрында мәдениет пен өнерді насихаттап жүрген журналистер «Алтын Томирис» сыйлығымен марапатталды. Айта кетейік, бұл сыйлық биыл алғаш рет беріліп отыр.

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі мен «Астана Опера» театры бірлесе ұйымдастырған марапатты министр Ақтоты Райымқұлова табыс етті.
«Алтын Томирис» мүсін­шесі театрдың дәл төбесіндегі квадрига түрінде жасалған. Онда күйме арбаның тізгінін ұс­таған сақ патшайымы То­мирис бейнеленген.
Марапатталғандар қата­рын­да «Хабар 24», «Қазақ ТВ», «Қазақстан», «Абай ТВ», «Мир», «Еуразия» бірінші арнасы» телеарналары, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Астана Ақшамы», «Вечерняя Астана», «Новое поколение», «Литер», «Караван» газеттері, Tengrinews.kz, Zakon.kz, Қазақпарат, Sputnik Казахстан, Nur.kz, Baigenews.kz ақпараттық агенттіктерінің тілшілері, сонымен қатар танымал блогерлер де бар.
Салтанатты рәсім аяқ­тал­ған соң мерекелік концерт ұсынылды. Сахнаға опера труппасының солис­тері – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Жамиля Джаркимбаева, Елена Ганжа, Әсем Сембина, Рамзат Бала­кишиев, Шыңғыс Расылхан, «КВИКОНТЕ» үрлемелі аспаптар квинтеті және кон­цертмейстер Раушан Бес­кем­бирова шықты.
Бағдарламаға Мұқан Тө­лебаевтың «Бақыт вальсі», Ла­тиф Хамидидің «Бұлбұл», Әлі­би Әбдінұровтың «Қуыр­маш» тәрізді қазақ ком­пози­торларының әндері енді. Со­нымен қатар Джакомо Пуч­чинидің «Богема» операсынан «Мюзеттаның вальсі», Франц Легардың «Страна улы­бок» опереттасынан дуэт, бар­шаның сүйіктісіне айналған Консуэло Веласкестің «Bes­same Mucho», Луиджи Арди­тидің «Поцелуй», Муслим Ма­го­маевтың «Синяя вечность», Эдуардо ди Капуаның «О sole mio», Доменико Модуньо мен Франко Мильяччидің «Volare» әндері шырқалды.