Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік), Промышленный аудандарына газ тарату желілерін салу жалғасуда. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елдімекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Биыл тағы 317 шақырым газ тарату желісін салынады, оның 200 шақырымы бірінші жартыжылдықта салынған..
«Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба экологияны едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені жеке сектор тұрғындары үйін көмірмен жылытпайды, нәтижесінде қауіпсіздік артады, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарады және т.б. Мысалы, осы жылдың маусым айында Көктал-1 тұрғын алабы газға қосылды, осылайша тағы 2600 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Біз сыртқы желілерді жүргізгеннен кейін тұрғындар оны үйдің ішіне өткізуі керек. Жаңа жылыту маусымында тағы 7 тұрғын үй алабы газға қосылуға мүмкіндік алады. Мысалы, өткен жылы 43 мың тұрғын газға қосылды. Бұлтыр 43 мың отбасы газбен қамтамасыз етілген болатын. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Өткен жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 тұрғын алаптарының және Агроқалашықтың бір бөлігінде тұратын тұрғындар газға қосылды. Сол кезде 345 км кварталішілік желі салынды.