Нұрлан Ноғаевтың айуынша, газ өндіру жоспары қайта қаралды. Яғни, мұнай өндірудің төмендеуі газға да әсер етті.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ өндірісі 30,5 млрд м3 құрады. 2021 жылға арналған тауарлық газдың жоспары – 30 млрд м3. Былтыр газ экспортының көлемі 10,7 млрд м3 болса, 2021 жылға арналған жоспар да сол көлемде», деді министр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,2 млн тонна сұйытылған газ өндірілді.