Оқиға • 30 Маусым, 2021

Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау-Түркістан тас жолында төрт автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

30 маусымда Түркістан облысы аумағында төрт автокөлік соқтығысты.

Полицейлердің анықтауы бойынша, Кентау-Түркістан тас жолында Lexus, Volkswagen, Daewoo және ВАЗ көліктері соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан Daewoo көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің тағы да екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеуде. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Толық мән-жай тергеу барысында анықталады.