«Оның ішінде 69 науқас Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде – 7, Жылыой ауданында – 10, Исатайда – 3, Индерде – 2, Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Мақат ауданында 2 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өңірдегі инфекциялық стационарларда 397 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 161, №2 облыстық ауруханада – 110, аудандардағы стационарларда – 77, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 пациент емделуді жалғастыруда. Ал, үй жағдайында емделуге 385 адам оқшауланып отыр.