Қоғам • 01 Шілде, 2021

Қазақстанда америкалықтардан кем түспейтін мамандар бар

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Плагин дамытуда көшбасшы саналатын сан-францисколық POWr компаниясының Алматыдағы өкілдігі жас мамандарды жұмысқа қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz .  

Қазақстанда америкалықтардан кем түспейтін мамандар бар

POWr компаниясының Қазақстандағы өкілдігі Code4U мекемесінде 25-ке жуық адам қызмет етеді. Компания директоры және бас soft инженері Айгүл Имадилдаеваның айтуынша, компания штаты өсіп жатыр. Соған байланысты Full-stack программистері мен Ruby on Rails бағдарламалық жасақтамасын, JavaScript, React-ты білетін жас мамандарды жұмысқа алу қарастырылады.  

Компания директоры АҚШ-пен уақыт айырмашылығына қарамастан, жұмыс бірқалыпты жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық жұмысшыларының нәтижесіне қанағаттанатынын және болашақта программистерді тек біздің елден жалдауға ниетті екенін алға тартты.

«Қазіргі таңда Американдық компаниялар арасында Қазақстаннан қызметкер жалдау трендке айналып жатыр. Себебі қазақстандықтардың арасында да американдықтар деңгейінен кем түспейтін мамандар бар», дейді А.Имадилдаева.

Айта кетейік, POWr - Сан-Францискодағы плагиндерді дамытуда көшбасштабыға айналған компания. Ол әлемдегі 8 миллионға жуық шағын бизнеске көмектескен. Серікестерінің ішінде eCommerce, WordPress, Wix, Weebly, Jimdo, Shopify, Bigcommerce және т.б. танымал компаниялар бар.