Фото: freepik.com
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуір күні болған. Ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалып, төбелес барысында 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған.
Ал оның бұрынғы некеден туған ұлы анасын қорғауға тырысып, оқиға орнында қаза тапқан.
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта іс бойынша «кісі өлтіру» және «кісі өлтіруге оқталу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды