«Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасына 23 маусымда Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында 31 жастағы тұрғынның бекіре тұқымдас балықтарды үйінде заңсыз сақтап, сатып жүргені туралы ақпарат түсті. Полицейлер жедел іс-шара өткізіп, тұрғынның мекенжайына тінту жүргізілді. Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан сарайдағы тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келіні құраған 169 дана бекіре тұқымдас балық табылды», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазір Жылыой аудандық полиция бөлімі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.