Қазақстанның атынан халықаралық деңгейдегі байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалаларынан Мақсотов Жамбыл, Мұқымбеков Мансұр, Ашуров Әлтайыр, Сахмолдин Мухаммадариф есімді төрт оқушы қатысты. Олар олимпиаданың екі кезеңінде алты алгоритмдік тапсырманы орындап, нәтижесінде төртеуі де қола медаль иеленді.
«Қазақстандық оқушылардың халықаралық зияткерлік жарыстардағы жетістіктері білім сапасы мен отандық жаттықтырушылардың жоғары қабілетін, ата-аналардың қолдауы мен оқушылардың ерік-жігерін көрсетеді. Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың өзін-өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткіміз келеді», деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.
Айта кетейік, төрт оқушы да – информатика пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Оқушыларды еліміздің жетекші IT университеттерінің жаттықтырушылары дайындады.