Коронавирус • 01 Шілде, 2021

Қазақстанда қай елдердің вакцинациялау паспорты жарамды?

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағында алты елдің вакцинациялау паспорты жарамды деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай елдердің вакцинациялау паспорты жарамды?

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов тиісті қаулыға қол қойды. Құжатта Қазақстанда әзірге тек Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорты (сертификаты, анықтамасы) жарамды деп танылатыны жазылған.

КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижесі бойынша Қазақстанда екпе алған азаматтарға электронды вакцинация паспорты беріліп жатыр. Аталған құжатты «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінен алуға болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды. Олар: Моңғолия, Таиланд және Мажарстан.