Аймақтар • 01 Шілде, 2021

«ҚазТрансГаз Аймақ» қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Egemen.kz   Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазТрансГаз Аймақ»  қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді

«2020 жыл бойынша тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылордадағы бөлімшесінде тарифтік смета шығындары бабын бұзу және бекітілген тарифті қолданбау дерегі анықталды.

«Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ биыл 1 тамыздан бастап тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1000 текше метрге 3320,45 теңге мөлшерінде немесе бекітілген тарифке қарағанда 44,1 пайызға төмендетіліп 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен тұтынушыларға 1 548 508 389  теңге залал сомасын қайтарады», делінген министрлік хабарламасында.

Бұрын ҚҚС-сыз мың текше метр үшін 5941,35 теңге тарифі қолданылған. Сондай-ақ, кәсіпорынның бекітілген тарифті 44,1 пайызға төмендету мүмкіндігі бар.

Жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.