Аймақтар • 02 Шілде, 2021

Қостанайда сәбіз бен картоп сатып алуға шектеу қойылды

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда сәбіз бен картоп сатып алуға лимит енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда сәбіз бен картоп сатып алуға шектеу қойылды

Дүкен иелері көкөністердің нарықтық құнымен сатып жатыр. Картоп келісіне 260 теңге, сәбіз 550 теңге. Бірақ бір адам 2 келіден артық көкөніс сатып ала алмайды.

«Картоп пен сәбізді өте көп мөлшерде сатып алып, қаланың басқа аудандарында оны қымбатқа сататын алып-сатарлар бар. Ондай фактілер жиі кездеседі. Қала әкімдігінің тапшылықты ұстап тұру үшін көкөніс өнімдерінің мөлшерін шектеу туралы заңды бұйрығы жоқ, бірақ жағдайды қиындатпас үшін халыққа лимиттік мөлшерді ұсындық», дейді Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Илона Тимошенко.

Қазір облыстың тұрақтандыру қорында 300 миллион теңгеден асатын он екі түрдегі азық-түлік тауарларының қоры бар. Шенеуніктер сәбіз бен картоп бағасын жақын арада реттеуге уәде беріп отыр. Ол үшін жергілікті нарыққа күніне елдің оңтүстігінен 200 тонна көкөніс әкелінеді.