Қоғам • 02 Шілде, 2021

Жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

1258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ПТР-тесттерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«ПТР-тесттерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша полиция органдары жыл басынан бері 23 қылмыстық іс, ал вакцина паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғады», деді ведомствоаралық комиссияның отырысында Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ішкі істер министрлігіне ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.