Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері мен «Құстар әні», «Куә бол», «Сарыжайлау» сияқты әндері күні бүгінге дейін халықтың жадында сайрап тұр. Ал Б. Шүкеновтың «Отан ана», «Жүрегімде Астана», «Джулия», «Твои шаги» сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар.
Айта кетейік, мурал «Romul» ЖШС-нің бастамасымен Н. Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.