Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1 ақпан-1 шілде аралығында «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін ектіргендер 87 551 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін салдырғандар 48 971 адамды құрап отыр.
«Ал 1 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 2 183 жергілікті тұрғын салдырды. Екпе алғандардың арасында 139 дәрігер, 144 педагог, 45 студент, арнайы мекемелердің 20, құқық қорғау органдарының 14 қызметкері, 23 мемлекеттік қызметші бар. Бұларға қоса, созылмалы сырқаты бар 100 адам мен 1 710 жергілікті тұрғын вакцина алды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.