Коронавирус • 02 Шілде, 2021

Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтты

2742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтты

Бекшиннің айтуынша, бүгінде індет үдеп келе жатыр. 

«Соңғы екі аптада коронавирус 2,1 есеге өсті. Бұл 1 142 жағдай 2 377 жағдайға дейін өсті деген сөз. Кейінгі тәулікте 353 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім 0,4 пайыз болды. Сондықтан біздің ойымызша, бұл төртінші толқын деп саналады. Өткен үшінші толқынның себебі ұлыбританиялық штамның тіркелуі. Ол басылмай, жаңадан төртінші толқын басталып жатыр. Оның басты себебі - ұлыбританиялық штамға үнді штамы «дельта» қосылды», деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте. 

Еске салайық, Алматы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұр. Пандемия басталғалы 74 659 науқас тікелсе, оның 71 262 аурудан айыққан.