Коронавирус • 02 Шілде, 2021

Журналистер вакцина салдыруға міндетті – Жандарбек Бекшин

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ қызметкерлерін вакцинациядан өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер вакцина салдыруға міндетті – Жандарбек Бекшин

«Халыққа қызмет көрсетумен айналысатындардың бәріне бұл мәселені түсіндіруге тырыстық. Сіздер халықпен күнде қатынас орнатып жүргендеріңізді тағы да еске салайын. Сондықтан, сіз де Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің 31 қаулысы бойынша жұмыс істеуіңіз керек», деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жақында Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда белгілі бір салалардағы вакцинацияланбаған жұмысшылардың қызметіне шектеу қойылатындығы жөнінде айтылды.