Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын 6 мыңнан астамы ымдау тілі қызметтерін, 31 мыңнан астамы жеке көмекшінің қызметтерін, 36 мыңға жуығы санаторлық-курорттық емдеу алды және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс ресімдеген.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 127 ОТҚ жеткізуші, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын 13 мыңнан астам жеткізуші, ымдау тілі қызметтерін ұсынатын 250 жеткізуші, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын 66 жеткізуші, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынатын 135 жеткізуші тіркелген.
2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде Электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 110,5 мыңнан астам құжат ресімделді.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
1411 нөмірі арқылы Call-орталықтан порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.