Бұл бағыттағы жұмыстар Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жүзеге асырылады.
3 және 4 шілде күндері жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесіндегі көпір, яғни Қ.Мұңайтпасов көшесінен А. Янушкевич көшесіне дейінгі аралық жартылай жабылатын болады. Атап айтқанда, жол төсемінің беткі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар 3-9 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінде Конституция көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.