Коронавирус • 03 Шілде, 2021

Коронавируспен ауырғандарға неліктен вакцина салуға болмайды?

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адам емделгеннен кейін үш айдан соң вакцина алуы туралы шешімнің қалай қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавируспен ауырғандарға неліктен вакцина салуға болмайды?

«Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», деді Айнагүл Қуатбаева.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсызда әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.