Фестиваль шеңберінде Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасында Ұлттық Домбыра күні концерті өтті. Онда қазақ, түрік, татар, ноғай қазақтары, жапон халықтарының өкілдері қазақ күйін шертті. Қазақ және түрік өнер майталмандары қазақ халық әндерін орындады.
Концертке Елші Абзал Сапарбекұлы және Т.Р.Президенттік әкімшілігінің Ұлттық кітапханасының басшысы Айхан Туглу, Түркиядағы Қарғызстан, Албания, Иран және Мажарстан елдерінің елшілері, дипломаттары , депутаттар, түрік елінде білім алып жатқан студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.