Ұлттық спорт • 03 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда Елбасы кубогы турнирі өтеді

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 шілде күні Астанада бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда Елбасы кубогы турнирі өтеді

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам сәйгүлік қатысады деп жоспарланған. Шара барысында алғаш рет қазақтың қазанаты саналатын Қостанай тұқымды жылқылардың 23 шақырымдық бәйгесі өтеді.

Сонымен қатар 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан, 25 шақырымдық аламан болады.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президентінің айтуынша, бәйгенің жалпы жүлде қоры 21 млн теңгені құрайды.