Коронавирус • 03 Шілде, 2021

Педагогтардың 83%-ы вакцина алды - ШҚО

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы эпидемиологиялық жағдай мен вакциналау барысы туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Педагогтардың 83%-ы вакцина алды - ШҚО

ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өңірдегі сауда қызметкерлерінің 55%-дан астамы, медицина қызметкерлерінің 96%-ы, күш құрылымдарының 91%-ы, педагогтардың 83%-ы, студенттердің 49%-ы вакцина алған. 

Жалпы, облыс бойынша қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, туризм және т. б. салалардағы қызметкерлердің 66%-ы вакцина алды.

Облыс басшысы Даниал Ахметов еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа Қаулысына сәйкес Қазақстанның барлық аймағындағы COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандардың жұмысқа шығуы шектелетінін атап өтті. Бұл тізімге соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі болған және КВИ-мен ауырып жазылған адамдар кірмейді.

Осыған байланысты, аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдеріне екі күнде қаулыда көрсетілген салалардың қызметкерлерін вакциналау кестесін әзірлеуді және вакциналаудың бірінші кезеңін 15-шілдеге дейін аяқтауды тапсырды.