Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Қалада вирус жұқтырғандар саны үш күн бойы 100-ден жоғары болып отыр. Осыны негізге алған қала әкімі Мұрат Әйтенов карантиндік шектеулердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында вакцинация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А.Бекбауованың айтуынша, қазір қала бойынша 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екпе алғандар саны 50 пайыздан асқан.
«Қалада 536 мың адам инфекцияға қарсы екпе салдыру қажет болса, бүгінгі таңда 267 595 адам бірінші компонентін алды. Бұл вакцинация жоспарының 50%-ын құрайды. Әзірге Шымкент вакцина алғандар үлесі бойынша көш бастап тұр», деді А.Бекбауова.