Өнер • 05 Шілде, 2021

«Әйелдің басы» табылды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия полициясы осыдан тоғыз жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның картинасын тапты.

«Әйелдің басы» табылды

Тәртіп сақшылары оны Кератея қаласынан анықтаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күдікті де қолға түсіпті.

Айта кетейік, «Әйелдің басы» деп аталатын туындыны испан суретшісі 1939 жылы салған. Кейін Пикассо оны «Грек халқының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік басқыншылыққа батыл қарсылығы үшін» Афины мұражайына сыйға тартады.

Алайда 2012 жылы картина тағы екі құнды экспонатпен бірге ұрланған еді. Бұл қылмыс әлемге «ғасыр ұрлығы» деген атпен белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар