Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №588 Жарлығымен атыраулық 5 ана «Алтын алқаға», ал, 19 ана «Күміс алқаға» ие болған.
«Көп балалы аналарға аталған марапатты Атырау қаласыәкімінің міндетін атқарушы Самат Емберген тапсырды. Ол көп балалы аналарға өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлесі үшін алғыс айтты» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.