Әлем • 05 Шілде, 2021

БАӘ коронавирусқа қарсы вакцина салынған әлемдегі жетекші ел атанды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша әлемдегі жетекші ел атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАӘ коронавирусқа қарсы вакцина салынған әлемдегі жетекші ел атанды

COVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша әлемдегі жетекші ел анықталды. Халықты иммундау бойынша Біріккен Араб Әмірліктері бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта БАӘ 15,5 миллион доза екпе егілген. Елдегі 10 миллион халықтың 72 пайызы қамтылған. Екінші орында Сейшел аралдары, мұнда халықтың 71,7% вакцинацияланған.

Сонымен қатар, Португалияның туристік архипелагы саналатын Мадейра вакцинациядан өткен кез-келген елдің азаматтарына кіруге мүмкіндік берді. Архипелаг билігі Еуропалық агенттік бекіткен тізімдегі екпені ғана емес, кез-келген вакцинацина түрін салдырған азаматтарды емін-еркін қабылдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар