Мақала авторлары – Елбасының тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалыптастыруға атсалысқан үзеңгілестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері. Сондай-ақ авторлар арасында шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлері, журналистер мен сарапшылар да бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жинаққа жазған алғысөзінде еліміздің отыз жылдағы жетістіктеріне тоқталып, оның бәрі «жас қазақ мемлекетінің архитекторы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, жаһандық ауқымдағы қайраткерлік қызметінің мәуелі жемісі» екенін атап өтті.
«Ең бастысы – осы кітап арқылы елдік мұрат жолында бүкіл қызметтік ғұмырын арнап, қаншама ғасыр тарихқа есесі кеткен бодан елден әлемге аты танылған азат ел, мықты мемлекет жасаған Тұңғыш Президентіміз жайлы адамгершілік пен ақиқатқа құрылған жылы естеліктер жинағын ұрпақтар жадына аманат ету», деді министр.
Кітап «Азаттық архитекторы», «Елдіктің еңсесін тіктеген», «Елбасы және елорда», «Сарабдал саясаткер» атты төрт бөлімнен тұрады.
Ел және Елбасы • 06 Шілде, 2021
«Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді
«Egemen Qazaqstan» кітапханасы» сериясымен «Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді. Кітапта кейінгі екі жылда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қалыптастырушы ретіндегі тұлғалық, қайраткерлік қырларын кеңінен ашып көрсететін, тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар мен естеліктер топтастырылған.
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Президент • Кеше
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді
Елорда • Кеше
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Кеше
Наурызнама • Кеше
Өнер • Кеше
Тарих • Кеше
Тәрбие • Кеше
Қоғам • Кеше
Мереке • Кеше
Тазалық – тәртіп пен береке бастауы
«Таза Қазақстан» • Кеше
Наурызнама • Кеше
Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше