Еліміз шекара қызметкерлері 2 кило алтынды заңсыз алып өтпек болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Орал шекара отрядына қарасты «Жайық» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары «Мәскеу-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде салмағы 2 килодай әшекейлі заттарды жасырын түрде әкетіп бара жатқан 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сырға, жүзік секілді алтыннан жасалған бұйымдардың жалпы құны 10 млн. теңгеге жуықтайды. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Фото: Ru. 123 rf. сom.