Әлем • 06 Шілде, 2021

Ресейде жолаушылар ұшағы құлады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Камчаткада жоғалған Ан-26 жолаушылар ұшағының қалдықтары табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде жолаушылар ұшағы құлады

Бұл туралы «Камчатка әуе кәсіпорны» компаниясының бас директоры Алексей Храбров мәлімдеді.

«Иә, ұшақ қалдықтары табылды. Қай жерде және қандай жағдайда табылғанын айта алмаймын. Оқиға орнына таңертең ұшақ пен тікұшақ ұшып барады» деді ол.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, ұшақ әуежайдан 3,8 шақырым қашықтықтан, Палана деген елдімекенге жақын маңнан табылған. Апат болған жерге 26 құтқарушы бара жатыр.

Ұшақ енді қонуға беталғанда жартасқа соғылып, Охот теңізіне құлап кеткен. Ештеңе көрінбейтін ауа райы жағдайында, бүйірден жел соғып тұрғанда қонуға тырысқан ұшқыш жартасты байқамай қалған.

Айта кетейік, ұшақта 22 жолаушы мен 6 экпипаж мүшесі болған. Аман қалғандар жоқ.