06 Қаңтар, 2014

Астанада аяз 10 қаңтарға дейін болады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06 01-AstanaЕлордада жаңа жылдың алғашқы аптасы суық болды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

«Астанада қаңтар айының басында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы -32;-21 градус, күндіз -22;-15°C болуы ықтимал. 6 қаңтарда, дүйсенбі күні көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -30;-32°C, күндіз -20;-22°C» болады», – делінген агенттік хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, сейсенбі күні, 7 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23;-25°C, күндіз -16;-18°C көрсетеді. Ал «Қазгидромет» мамандары 8 қаңтарда Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болатынын айтады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады екен. Түнде ауа температурасы -21;-23°C, күндіз -15;-17°C болады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі

Фото: Newskaz. ru.

Соңғы жаңалықтар