Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласындағы супермаркеттің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Бетперде киген төрт күдікті супермаркет қызметкерлерін қарумен қорқытып, заттарды тонаған екен. Сол кезде супермаркет күзетшісінің бірі жараланды. Арада көп ұзамай тәртіп сақшылары қарулы топты қолға түсіреді. Әзірге супермаркеттегі заттың бүлінгені туралы ақпарат жарияланған жоқ.
«Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы бойынша 3 күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, іс сотқа жолданады», - дейді облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Мәдімарова.
Бақытбек Кенешұлы.
Дерккөз: «Қазақстан» телеарнасы
Фото: Primorye 24. ru.