Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге арналған құралдары бар, яғни ең алдымен вакциналары бар мемлекеттер, шектеулерді жеңілдетіп жатыр.
«Осы уақытта тиімді құралдары жоқ елдер ауруханаға түсу жағдайлары мен өлім толқынына тап болды. Жағдайды вирустың жаңа штамдары күрделендіріп отыр», деді ДДСҰ басшысы.
Гебрейесустың пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - елдер арасында тест, вакцина, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тең бөлу.
«Бұл зымыран құрастыру да, қайырымдылық та емес. Бұл жалпыға ортақ мүддеге жауап беретін қоғамдық денсаулықты саналы сақтау», деді ол.
Ұйым басшысы жағдай жақсаратынына үміт бар екенін айтты. Ол үшін вакциналарды тарататын COVAX бағдарламасы бар екенін және осы бағытта күш-жігерді арттыруға шақырды.