Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Еліміздің екі облысын қою түтін басты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Қорған облысында орман өртеніп, оның қою қара түтіні Қостанайға да жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің екі облысын қою түтін басты

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Қорған облысы бойынша Бас басқармасының хабарлауынша, 6 шілдеде Қорған облысының Новотроицкий елді мекені аймағында құрғақ шөп өртеніп, орман отқа оранған.

«Қатты жел екпінінің траекториясы әр сәтте құбылмалы болуына байланысты өрттен шыққан түтін Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының шекаралас аймақтарына жетіп, әрі қарай Қостанайға ойысты. Қостанайдың өзінде және қала маңында жағдай тұрақты, өрт жоқ», деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД.