Сирия бойынша келіссөздер екі күнге жоспарланған. Ritz-Carlton қонақ үйінде ұйымдастырылған кездесуде Ресей мен Сирия делегациялары келіссөз жүргізіп жатыр.
Күн тәртібінде Сириядағы әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, Женевадағы сириялық конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу сынды мәселелер бар.
Айта кетейік, келіссөздің бірінші күні екіжақты және кепілгер елдердің үшжақты консультациясы, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланысы, ал екінші күні консультацияларды жалғастыру және жалпы отырыс өткізу жоспарланған. Жоспарда кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы бар.