Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Ashyq «қызыл» мәртебелі бір жарым мың алматылықты анықтады

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-коды арқылы сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебелі екендігі анықталды.

Ashyq «қызыл» мәртебелі бір жарым мың алматылықты анықтады

Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың деректері бойынша ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-кодын сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. Тағы 370 тұрғын «сары» мәртебеге ие.

Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарының кіре берістеріндегі сканерлеу нәтижесі 716 тұрғынның «қызыл», 189 тұрғынның «сары» мәртебесін растады. Айта кетерлігі «қызыл» мәртебесі бар 157 және «сары» мәртебесі бар 40 тұрғын фитнес орталықтары мен бассейндерге кіруге тырысқан. Монша мен саунада «қызыл» мәртебесі бар 39 адам, «сары» мәртебесі бар 9 адам анықталды. Кинотеатрлардың кіре берістерінде «қызыл» мәртебесі бар 71 тұрғын, «сары» мәртебесі бар 34 адам анықталды. Қоғамдық тамақтану орындарында «қызыл» мәртебесі бар 286 және «сары» мәртебелі 56 тұрғын анықталды. Ал Алматының  әуежайына «қызыл» мәртебедегі 89 және «сары» мәртебелі 21 адам кіруге тырысқан.

Алайда, нысанға бармай, сканерлеу нәтижесінде, яғни үйде оқшауланғандардың ішінде 733 тұрғынның «қызыл», 181-інің «сары» мәртебелері расталды. Анықталғанындай, олар қоғамдық орындарға, оның ішінде бассейндерге, сауналарға,кафелер мен мейрамханалар баруға тырысқан.

Бүгінде үйде АМСК және Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында 2306 науқас бар, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жеңіл, 45-і орташа ауырлық дәрежесінде.

Айтқандай, вакциналау құжаты Ashyq қосымшасымен біріктірілген. Осылайша, коронавирустан вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар «жасыл» мәртебеге ие болады.

 

 

 

АЛМАТЫ