Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Атырауда Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

1954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Ерлан Ермаханбетов Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ерлан Мейрамханұлы Шымкент қаласының тумасы. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен бітірген. Сондай-ақ экономикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның маманы қызметінен бастаған. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің оқу-клиникалық базасында жастар ісі секторының меңгерушісі болған. 2013-2015 жылдары Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейіннен бөлім басшысы лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы, 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты болған.

2019 жылдан бері осы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымын атқарып келді.